Аймақтар
1 мин оқу 103
Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді
<p style="text-align: justify;">25 маусым күні сағат 19.20-да Меңлібай – Көктөбе қиын иінді аумағында 8 жабық вагон рельстен шығып кеткен еді. Салдарынан 10 бағыттағы пойыздардағы 492 жолаушы діттеген орнына уақытылы жете алмады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жолаушылар тасымалы» АҚ төтенше жағдай болған аумақта пойыз қатынасы қалпына келтірілгенін хабарлады.
«Кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілді. 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды», делінген хабарламада.
Бөлісу: