Елорда
1 мин оқу 191

Астанада дрондар шоуы өтеді

<p style="text-align: justify;">Астанада мереке&nbsp; қарсаңында дрон шоуы өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Астанада дрондар шоуы өтеді

Астана күні қарсаңында елордада 100-ге жуық түрлі іс-шаралар жоспарланған. Олардың көпшілігі барлық тұрғындар мен қонақтар үшін тегін болады.

Іс-шаралардың ішіндегі ең ерекшесі 6 шілдеде болатын дрондар шоуы. Қала әкімдігі шоудың демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатынын атап өтті.

Айта кетерлігі, 26 маусым мен 4 шілде аралығында құрылғының өнімділігі мен техникалық жағдайын тексеру үшін көтерілуі жүргізіледі. Қорытынды шоу 6 шілдеде ЭКСПО-да өтеді. Нақты уақыты кейінірек жарияланады.

Бөлісу:
Астанада дрондар шоуы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар