Шымкенттегі жеке үйден аса ірі есірткі зертханасы анықталды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласы «Бозарық» шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жеке үйді тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорлар және өткізу мақсатында заңсыз дайындалған аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттары табылды.
Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі және 2 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді.
«Анықталған фактіге байланысты аса iрi мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.