Алматыдағы автобус апаты: 1 адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы қаласындағы Мақатаев - Масанчи көшелерінің қиылысында автобус апаты болғанын <a href="https://egemen.kz/article/367279-almatyda-dgolaushylar-avtobusy-ghimaratqa-soghylghan" target="_blank" rel="noopener noreferrer">хабарлаған</a> едік. Апат салдарынан 1 адам көз жұмып, 16 адам зардап шеккені анықталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол-көлік оқиғасы сағат 14:20 шамасында болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соғылған», делінген полиция өкілдерінің түсініктемесінде.
Кісі өлімі болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.