Павлодарда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар қызметкерлері патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан адамды байқап, тез арада жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Оқиға Усолка өзенінде болды. Аймақтық құтқарушылардың айтуынша, 35 жастағы ер адам судағы өзін-өзі ұстау ережелерін сақтамаған, ал мұндай жағдай апатқа әкелуі мүмкін. Құтқару жасағының мүшелері жақын жерде болып, ер адамды құтқарып қалды.
«ТЖД қызметкерлері барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Балаларды су аймақтарында қараусыз қалдырмаңыз», деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.