Аймақтар
2 мин оқу 110

Тәлімі мол экспедиция

<p style="text-align: justify;">Назарбаев Зияткерлік мек&shy;тептерінің ұйымдасты&shy;руы&shy;мен 2012 жылдан бері тұ&shy;рақты жүзеге асып келе жат&shy;қан дәстүрлі &laquo;Туған елге тағ&shy;зым&raquo; экспедициясы биыл Ақтау, Семей, Қарағанды, Түр&shy;кіс&shy;тан, Көкшетау, Өскемен және Павлодар қалаларында жалғасты. Экспедициямен Маң&shy;ғыстау өңіріне келген Павлодар, Қызыл&shy;орда және Орал қала&shy;сындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Маңғыстаудың әсем таби&shy;ғатын тамашалап, тағылымды тарихына қанықты. Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен зерттеу ба&shy;ғытындағы аталған өлкетанулық экспедициясына 74 оқу&shy;шы қатысты.</p>

Тәлімі мол экспедиция

Ақтаудағы Назарбаев Зият­керлік мектебі баспасөз қыз­меті­нің хабарлауынша, жоба аясын­да экспедициялық топ Маң­ғыс­тау өлкесіне тән флора мен фауна ерекшелігімен, тари­хы және тұрмыс-мәде­ниеті­мен, ин­новациялық нысандары және архитектуралық құры­лыста­ры­мен жіті танысты.

енг

Оқушылар алдымен Қаби­болла Сыдиықов атындағы Маң­ғыстау облыстық кітапхананы аралап, кітапхана құрылысымен, өлкетану бөліміндегі кітаптар жайында ақпарат алды, заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлы атын­дағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады. Бір аптаға созылған экспедиция аясында оқушылар Маңғыстау облысының өндірістік әлеуетімен ете танысу, ақпарат алу үшін Ақтаудағы өнеркәсіп орындарына – «KazFruit» азық-түлік сақтау базасына, «Ақтау түйеқұс» фабрикасы, «Kazakh Osseter» компаниясына саяхат­тады. Со­нымен қатар жас зерт­теушілер Қазақстандағы кешенді өнеркәсіп орындарының бірі, аммиак және аммиак селитрасын өндіретін жал­ғыз кәсіпорын «ҚазАзоттың» және жол битумын өндіруге бағытталған «Caspi bitum» мұнай өңдеу зауыты­ның жұмысымен танысты. Сондай-ақ өңірдегі іргелі оқу ордасы Шахмардан Есенов атындағы КМТИУ Әскери-теңіз акаде­мия­сымен танысып, соң­ғы техно­логиямен жабдықталған оқу орнына қызығушылық та­ныт­ты. Оқушылар Маңғыстаудағы ­ХІІ-ХVІІ ғасырларға жататын діни сәулет ескерткіші саналатын Қара­ман ата жер асты мешітіне ба­рып, діни зиярат орнында ата-баба рухына тағзым етті. Құпия­сы әлі ашыл­маған орындар­дың бірі «Торыш» шатқалына ба­рып, тарихы миллион жылдан асатын шат­қал­ды, табиғаттың ерекше үлгі­сі – «Ақеспе» алқа­бын тамашалады.

Қазақ даласының көрікті кел­бетін өз көздерімен көріп, ел мен жер тану, отансүйгіштік сезі­мін шыңдау жолында оқушылар үшін арнайы экспедиция ұйым­дас­тырған Зияткерлік мектептер жобасының жас буын үшін берері мол болмақ.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Тәлімі мол экспедиция · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар