Аймақтар
1 мин оқу 120
Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, 28 адам эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">27 маусым күні таңертең Қарағанды қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Тұрмыстық заттар, жиһаздар мен тоңазытқыш жанып кеткен. Өрт аумағы алты шаршы метрді құрады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала бар. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 58 минут ішінде сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған.
Бөлісу: