Қазақстан
1 мин оқу 170

Астанада ШЫҰ Іскерлік кеңесі Алқасының отырысы өтеді

<p style="text-align: justify;">Ертең, 28 маусымда Астана қаласында &laquo;Атамекен&raquo; ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Райымбек Баталовтың төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесі Алқасының 25-ші отырысы өтеді. Іс-шара барысында ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын талқылау жоспарланып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада ШЫҰ Іскерлік кеңесі Алқасының отырысы өтеді

Күн тәртібіне сауда-экономикалық байланыстарды және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мәселелері енгізілген.

Отырыста мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ экономика және халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар сөз сөйлейді.

Түстен кейін Іскерлік кеңес шеңберінде «Сауда-экономикалық ынтымақтастық (өнеркәсіп, көлік-логистика, инвестиция, мәдениет және туризм)» тақырыбында ШЫҰ бизнес-форумы өтеді. Онда ірі компаниялардың B2B кездесулері болады. Аталған іс-шара тікелей іскерлік байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды талқылауға және келісімдерге қол қоюға бірегей мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Астанада ШЫҰ Іскерлік кеңесі Алқасының отырысы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар