Қостанай облысында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Қостанай облысы Әулиекөл ауылында жоғалып кеткен 16 жастағы Дарья Тиронина деген қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Alau.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Жергілікті басылымның хабарлауынша, Дарьяның мәйіті табылғанын «Дос» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері хабарлады.
Оқиғаның егжей-тегжейі әлі айтылмады.
«Қостанай облысының полициясы осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу органдары қыздың өлімінің мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Құқық қорғау органдарының ресми өкілдері бұл ақпаратты растады, бірақ мәселенің мән-жайы тергеу аяқталғанша жарияланбайды», деп жазды дереккөз 28 маусымда.