Жастар
1 мин оқу 145

«Жетісуда» бас қосқан жастар

<p style="text-align: justify;">Астанада &laquo;Jastar talks&raquo; форматында жастармен кездесу өтті. &laquo;Жетісу&raquo; саябағында ұйымдастырылған іс-шараға журналист және халықаралық жаттықтырушы Махаббат Есен, &laquo;Астана жастары&raquo; еріктілері мен қала тұрғындары қатысты.</p>

«Жетісуда» бас қосқан жастар

Елордалық жастарға арнал­ған басқосуға Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Астана жас­тары» жастар ресурстық орта­лығы ұйытқы болды.

«Бұл кездесу Журналистер күніне орай өтіп жатыр. Ха­лық­тың тіршілігінен, әлеу­меттік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар таратып, қалам сермеп жүргеніме, міне ­25 жыл толды. Әлі де білім-білігімді шың­дап келемін. Таяуда ғана Германияда әлемнің түкпір-­түк­пірінен келген журналистер­­мен тәжірибе алмастық. Кезде­­су­­де қазіргі журналистиканың ­әле­­­уеті мен медиадағы трендтерді, ақ­парат таратудағы зама­науи қа­ғидаттарды талқыладық. Әсі­ресе қатысушылармен жасанды интеллектінің мүмкіндік­тері туралы ой бөлістім», дейді Махаббат Есен.

2020 жылдан бері ұйымдас­тырылып келе жатқан «Jastar talks» жобасының басты мақсаты – түрлі саланың үздік өкілдерімен пікір алысып, тәжірибе алмасу. Спикер ретінде жастарды ынталандыру үшін елімізге танымал спортшылар, блогерлер, медиа тұлғалар және тағы басқалары шақырылады.

«Іс-шара танымдық емес, мотивациялық бағытта болды. Спикер өз мамандығының қыр-сырын түсіндірді. Жастар­дың болашақ жұмысы туралы түсінігі болуы және олардың қай жерде дамығысы келетінін алдын ала анықтау маңызды екені айтылды. Бұған дейін мен Мәжіліс депутатымен сая­си сала туралы әңгімелеген кез­десулерге қа­тыстым», дейді «Астана жастары» еріктісі Федор Ермоленко.

Бөлісу:
«Жетісуда» бас қосқан жастар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар