Оралда жазғы кафе өртеніп кеткен
<div class="article__description"> <p style="text-align: justify;">Оралдағы мәдениет және демалыс саябағы аумағында жазғы кафе отқа оранды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға бүгін болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> </div>

Кафемен қоса, оған іргелес тұрған әкімшілік ғимаратының төбесі отқа оранған. Ешкім зардап шекпеген.
«Сағат 09:50-де Қ.Рысқұлбеков көшесі 1/4-мекенжайында аумағы 280 шаршы метр «У фонтана» жазғы кафесі жанып жатқаны туралы хабар түскен. Сондай-ақ соған іргелес тұрған 25 шаршы метр әкімшілік ғимаратының төбесі де отқа оранған. Оқиға орнынан 1 көмірсутегі баллоны шығарылды. Өртті сөндіруге 20 адам, 5 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 10:15-те оқшауланып, 10:32-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.