Елорда
1 мин оқу 152

ШЫҰ саммиті: Астанада қандай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі?

<p style="text-align: justify;">Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитіне байланысты жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қою жоспарланғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.</p>

ШЫҰ саммиті: Астанада қандай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі?
  • 3 шілде сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3);
  • 4 шілде сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін-Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады.

Қала әкімдігі тұрғындардан күшейтілген қауіпсіздік режиміне түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада, сондай-ақ Алматыда, Қарағандыда және Көкшетауда ШЫҰ саммитін өткізу кезеңінде 2-4 шілде аралығында террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілді.

Еске сала кетейік, 2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көше бойында көлікті тұраққа қоюға тыйым салынады.

Айта кетерлігі, Астанада 2 шілде мен 4 шілде аралығында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70%-ға дейінгісі қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. 

Бөлісу:
ШЫҰ саммиті: Астанада қандай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар