Спорт
1 мин оқу 104
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
<p style="text-align: justify;">Александр Бублик Ұлыбританияда өтіп жатқан Уимблдон турнирін сәтті бастап, екінші айналымға жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Qazsporttv-ге сілтеме жасап.</p>

Александр 3 сағат 27 минутқа созылған тартысты ойында чехиялық Якуб Менсикты (#78) 4:6, 6:7 (2), 6:4, 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, жарыстың екінші айналымына жолдама алды. Теннисшінің келесі қарсыласы франциялық Артур Казо (#98).
Алғашқы жарыс күнінде сынға түскен тағы бір Қазақстан спортшысы Александр Шевченко алғашқы айналымда Уго Умберден (#16) 1:6, 6:4, 6:7, 7:6, 6:1 жеңіліп, турнирдегі жолын аяқтады.
Бөлісу: