Елорда
1 мин оқу 210
Астанада 15 автобустың қозғалыс схемасы өзгереді
<p style="text-align: justify;">City Transportation Systems компаниясы 4 шілде күні № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгеретінін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей 06:00-ден 23:30-ға дейін жұмыс істейді.
Тек белгілі бір аумақтарда қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл қатарда «Тәуелсіздік сарайы» алаңының Тәуелсіздік даңғылында – Ж.Нәжімеденов – А.Байтұрсынов – Қ.Аманжолов көшелері бар.
15 қоғамдық көліктің өзгертілген схемасын @cts_kz Instagram аккаунтындағы Taplink сілтемесінен қарауға болады.
Бөлісу: