«Атырау – Орал» тасжолы жабылады
<p style="text-align: justify;">Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 3 шілде күні «Атырау – Орал» тасжолы жөндеуге жабылатынын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жөндеу жұмыстарына байланысты, 3 шілде күні сағат 8:00-ден бастап, республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тасжолының 5-67 шақырым аралығы, яғни Атырау қаласы - Махамбет ауылы учаскесі бойы жабылады.
Жөндеу жұмыстары 8 шілдеге дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар «Атырау - Индер» бағыты арқылы қатынай алады. Ауыр жүк көліктері үшін Махамбет - Х.Ерғалиев - Таңдай ауылы бағытындағы жол ашық», делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарламасында.