Білім
2 мин оқу 240

ҰБТ рекорды жаңарды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық бірыңғай тес&shy;тілеу (ҰБТ) рекорды тағы жаңарды. Өткен аптаның соңында ауыл баласының топ жар&shy;ғаны жөнінде жаз&shy;ған&shy;быз. Бүгін тағы бір та&shy;лапкердің тес&shy;ті&shy;&shy;леу&shy;де барлық сұрақ&shy;тан сү&shy;рінбегенін сүйін&shy;&shy;ші&shy;ле&shy;мек&shy;піз. Сүйін&shy;шіге себепкер бол&shy;ған кейіп&shy;керіміз &ndash; Р.Қош&shy;қарбаев атын&shy;дағы №1 Қос&shy;шы мектебінің оқу&shy;шысы Айым Ержанова.</p>

ҰБТ рекорды жаңарды

Озат оқушы көп­ба­лалы отбасынан шық­­қан. Айымның анасы Айгерім Манатқызы перзентінің мектепті «Алтын белгіге» бітір­генін, білімге ерекше құштар екенін айтты.

– Қосшы қаласында тұ­рамыз. 6 балам бар. Айым – тұң­­­ғышым. Ол әжесінің мен­­­шігінде. Мектепті «Алтын бел­­гімен» бітіріп, осы­ған қоса 100 мың теңге сыйақы алған болатын. Кіш­­кен­­тайынан өте алғыр, қажыр­лы, оқу­ға ынталы болды. Біз­де ­ата-­ана ретінде мүмкіндігі­мізше оған қолдау білдіріп келеміз, – деді анасы.

Ал Айымның өзі екі шет тілін таңдап отырғанын жет­кізді. Ол осы жетістікке қол жет­кізу үшін ұялы телефоннан алшақтап, кітапқа көбірек көңіл бөліпті.

– Білімге құштар жақсы орта таптым, бірге дайындалдым. Телефоннан алшақтап, кітап­қа көңіл бөлдім. Уақытым­ды тиімді пайдалануға тырыс­тым. Ата-анамның үмітін ақ­тағаныма қуанып тұрмын. Осы орталыққа 10-сынып­тан бастап келіп, дайындалып жүрмін. Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәнде­рін таңдадым. Осы орайда ата-ана­ма және ұстаздары­ма алғыс ай­тамын. Алла қала­са, Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық универси­теті­нен ­екі ­шет тілі маманды­ғын таң­­­дап ­отырмын, – деді А.Ержа­нова.

ҰБТ үздігі «Zerdeli» ақыл-ойды дамыту орталығында тес­тілеуге дайындалған екен. Осыған орай оған аталған ор­талық директоры Ырысбек Мәуітұлы 5 миллион теңге және iPhone 15 телефонын сый­ла­ды. Өткен аптада 140 балл алған Жаннұр Еңсебекті Ғылым ­және жоғары білім министрі Сая­сат Нұрбек құт­тықтап, бағалы­ ­техника сый­лап, ата-анасына алғыс біл­дір­ді. Сондай-ақ түлекті дайын­даған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті.

– Жаннұрдың ҰБТ-да жо­ғары көрсеткіш көр­сетуі – ең­бек­қорлықтың, шы­дам­­ды­лық пен ынтаның нә­тижесі. Бұл ретте ата-ананың қол­дауы, қам­қорлығы мен ба­лаға де­­ген сенімін де айту керек. Сон­дай-ақ мұғалімдердің де кәсі­билігі мен жұмыстарына деген адалдығының жемісі. Бұл қуа­нышты сәт өмірдегі жаңа жетіс­тіктер мен жеңістердің бас­тамасы болсын! – деді министр С.Нұрбек.

Бөлісу:
ҰБТ рекорды жаңарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар