Білім
3 мин оқу 1,244

Білім сапасын арттыратын курс

<p style="text-align: justify;">Оқу үдерісіне жаппай ашық онлайн курстарын белсенді енгізу отандық университеттердің халықаралық рейтинг&shy;те&shy;рінде деңгейін көтеріп, білім қызметі нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазіргі таңда көптеген елдің білім жүйесінде жаппай ашық онлайн курстар сапалы контентпен толығып, нарықта танымалдылыққа ие болып жатыр.</p>

Білім сапасын арттыратын курс

ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ­ЮНЕСКО-ның журналис­ти­­ка және коммуникация кафе­д­расының шығармашылық және техникалық бірлескен жо­басы журналистика және ком­муникация саласындағы жап­пай ашық онлайн курстарды әзірлеуге мүмкіндік берді. Жеті елдің, яғни Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрік­мен­­стан, Армения, Грузия, Әзербайжан елдері сарап­шы­ларының, Орталық Азия­ның 19 университеті өкілдерінің қа­­ты­суымен онлайн курстар ­са­­­­раптамадан өткізілді. Кафе­­д­ра­ оқытушылары Орталық ­­Азия ел­­дері тәжірибесінің не­гі­зін­де халықаралық оқулық­тар­ды интерактивті курстар­ға бейім­деп, оқу үдерісіне енгіз­ді. Бұрынғы форматтан, дәстүрлі оқулықтардан мүлдем өзге­ше ауқымды жұмыстар атқа­рыл­ды. Бұл курстар иннова­ция­лық, интерактивті, инклю­зивті, қызықты әрі жеңіл, құры­лымында ойын элементтері бар, бағалау үшін тест пен эссе қолданылды. Онлайн курс­тар ЮНЕСКО мен журна­лис­тердің халықаралық феде­рациясының оқу материалдарына негізделді және Қазақ ұлттық университетінің платформасына орналастыры­лып, кең аудиторияға арналды. Осылайша, елімізде тұңғыш рет журналист қауіпсіздігі, коммуникациядағы қақты­ғыс­ты төмендету, климат өзге­рі­сі мен гендерлік мәселелер­­ді БАҚ-та жазу әдіс-тәсілдерін үйрететін курстар әзірленді. Алгоритмі ұқсас өзге оқу курс­тарынан айырмашылығы, жоба нәтижесінде әзірленген кешен егер тыңдаушы сәтті аяқ­таса, тегін сертификат беру қарастырылған. ЮНЕСКО сериясына енетін курстар тәулік бойы, жыл бойы қолжетімді әрі ақысыз. Платформаның функционалдары әр алуан, қа­зіргі цифрлық құралдардың жиын­тығы білім құзы­рет­тілігін дамытады.

Гендерлі бағытталған және инклюзивті платформаның төрт бағыты кәсіби қарым-қатынасты қолдауға машық­тандырады, теориялық және практикалық материалдарды ықпалдастырып, журналистің күнделікті қызметін, БАҚ редакциясының жұмысын жақсартуға арналған құрал­дарды үйретеді.

Әр курстың қысқаша маз­мұны сегіз тілге аударылып, мультилингвистикалық электронды оқулық әзірленді. Қазір­гі таңда онлайн-курстардың шетелдік тыңдаушылары да бар. АҚШ, Норвегия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елде­рінен жас мамандар, студенттер курсты оқып, сертификат алды.

Кейінгі кездері тұрмыс­тық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты «Әйелдер мен қыз­дарға қатысты зорлық-зом­былық мәселелерінің БАҚ-та жазылуы» курсына қызы­ғушылық артты. Бұл курс бо­йынша маусым айында 4 тың­даушы жазылып, курсты тың­дап сертификат алған.

БАҚ мамандарына ақпарат жинау мен оны БАҚ-қа беру­дің этикалық әдіс-тәсілдерін үйретуді мақсат еткен курс­тар­дағы үздік халықаралық стан­дарттарға негізделген тәжі­рибелік нұсқаулар журналист, PR мамандарына, баспасөз қызметі өкілдеріне арналған.

ЮНЕСКО мақұлдаған кон­­тент негізінде әзірленген курс­тарға ЮНЕСКО Өңірлік кең­­сесі тарапынан журна­лист кадрларының сапа­сын, ақпа­рат­­тық сала қатысу­шы­лары­­ның бі­ліктілігін көтере­ді, жур­на­листика саласындағы ұлт­­тық платформаны байы­та­ды де­­ген баға берілді. Орталық Азия мен Кав­каз аймақтарында­ғы әріп­тестер бұл курстардың әдіс­теме­лік орталық, база болып қала­тын­дығын жеткізді. Бүгін­­де ЮНЕСКО-ның журналисти­ка және коммуникация кафед­­ра­сы «SC Training» платформа­­сын­да бес тілде мобильді қо­сым­ша­­ға арналған онлайн курс әзір­леніп жатыр. Кафедрада бір­­не­ше инновациялық ха­лық­­ара­лық және ұлттық жо­ба, атап айт­қанда кейінгі бес жыл­да ЮНЕСКО-ның Ком­­му­ни­ка­цияны дамы­ту халық­ара­лық бағ­дарла­масының, БҰҰ-Әйел­дер өкілдігінің, АҚШ елші­лігінің жо­балары жүзе­ге асырылды.

Назгүл Шыңғысова,
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі

Бөлісу:
Білім сапасын арттыратын курс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар