Қаржы
1 мин оқу 86

Валюта интервенциясы жасалмады

<p style="text-align: justify;">Маусым айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 доллар үшін 471,84 теңгеге дейін, 5,5%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 251 млн доллардан 183 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,7 млрд доллар болды деп хабарлады Ұлттық банк (ҰБ).</p>

Валюта интервенциясы жасалмады

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз етуге маусым айында 420 млн долларға валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 11%-ын және күніне 21 млн доллардан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл – шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді.

Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін маусымда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 293 млн долларды немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 8%-ын құрады. Сондай-ақ бас банк маусымда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

«Республикалық бюджетке трансферт бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бо­йынша 2024 жылғы шілдеде Ұлттық банк Ұлттық қордан

450 млн доллардан 550 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді», делінеді ҰБ мәлімдемесінде.

Бөлісу: