Спорт
1 мин оқу 101
Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді
<p style="text-align: justify;">Астана күніне орай 7 шілдеде елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Ең мықты жылқылар мен шабандоздар әртүрлі биіктіктегі 7 маршрутта өз шеберліктерін көрсетеді. Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде басталады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 12 миллион теңге. Жарыстарда ең үздік шабандоздар анықталады. Көрермендер үшін кіру тегін.
Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен өтеді және оны Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырады.
Бөлісу: