Париж-2024: Бокстан Олимпиада жолдамалары бойынша меже орындалды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> аталған федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасап.</p>

Шахмұрат Мүтәліптің айтуынша, 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығы Қазақстан бокс федерациясы үшін жемісті әрі жеңісті кезең болды.
«Осы аралықта елімізде Азия чемпионаты және бірнеше халықаралық турнир ұйымдастырылды, ең бастысы – Париж Олимпиадасы жолдамалары бойынша меже орындалды. Ерлер құрамасы барлық салмақ дәрежелері бойынша лицензия иеленсе, әйелдер командасы бұрын-соңды болмаған нәтижені тіркеп, үш салмақ бойынша жолдамалар жеңіп алды», деді Бокс федерациясының басшысы.

Сондай-ақ федерация басшысы әр жеңістің артында бірлескен топтың жүйелі жұмысы тұрғанын атап өтті.
«Спортшының тұрақтылығына және еңбекқорлығына бапкердің біліктілігі мен сенімін, мамандардың үздіксіз жәрдемін қосса ғана мақсатқа жетуге болады. Париж Олимпиадасы – барлығымыз үшін белгілі бір кезеңге қорытынды жасайтын аса маңызды жарыс. Былғары қолғап шеберлері халықты түрлі дәрежедегі жүлделермен қуантады деген сенімдемін. Қазақстан боксы жасасын!», деді Шахмұрат Мүтәліп.