Ауа райы
1 мин оқу 132
Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін ыстық болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстанда 4, 5 және 6 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Ауа райы болжамына сәйкес алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, оның салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр күтіледі.
«Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында басым жағдайда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Сондай-ақ еліміздің батысында күндіз өте қатты ыстық күтіледі, +33...+43 градусқа дейін жетеді», делінген хабарламада.
Бөлісу: