Әзербайжан Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
<p style="text-align: justify;">Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Мәртебелі қонақты ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, 529,4 млн долларды құрады. Бұл үрдіс биыл да жалғасып, 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға өсіп, 184,9 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ Қазақстан мұнайын Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында жеткізу жолға қойылған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жеткізілген.