Қазақстан
1 мин оқу 260

Димаш Құдайберген Қазақстан мен Қытай Президенттері алдында өнер көрсетті

<p style="text-align: justify;">3 шілдеде опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен әнші Димаш Құдайберген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге шағын концерт берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Димаш Құдайберген Қазақстан мен Қытай Президенттері алдында өнер көрсетті

«Ресми келіссөздер соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдында опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті», делінген хабарламада.

1

Екі ел басшылары қазақстандық танымал әртістердің өнерін жоғары бағалағаны атап өтілді.

Бұған дейін жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Бірлескен мәлімдемеге қол қойғаны хабарланған болатын.

Бөлісу: