Беларусь Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
<p style="text-align: justify;">Беларусь Президентінің ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында Александр Лукашенконы Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, онда Беларусь Республикасының мемлекетаралық бірлестікке толыққанды мүше болу мәселесі қаралады.

Сонымен қатар Қазақстан мен Беларусь екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды белсенді түрде дамытуда. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде екі ел арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы $1 млрд жақындап, кейде одан да асып түсті. Осы жылдың 4 айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі $249,3 млн-ға жетті.
Өнеркәсіптік кооперация аясында 1,6 мың жұмыс орнын құра отырып, шамамен $200 млн сомасына ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша 10 бірлескен жоба іске асырылды. Тағы 4 ірі жоба іске асырылу сатысында.