Қоғам
1 мин оқу 120

Тағылымды бастаманы қолдады

<p style="text-align: justify;">Биылғы Ұлттық құрылтайда жастардың кітап оқуына айрықша тоқталған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: &laquo;Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек&raquo;, деп айтты. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент бастамасына үн қатып, өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақ&shy;сатында &laquo;Ауыл кітапханаларына &ndash; 100 кітап&raquo; атты акциясын бастаған еді.</p>

Тағылымды бастаманы қолдады

Бұл акцияны Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситеті­нің ғалымдары қызу қолдап, ауыл тұрғындарына кітап оқуды насихаттау, олар­ға кәсіптік бағдар беру жұ­мысын жүргізу, университетке дарынды жастарды тарту мақ­сатында Павлодар, Абай, Шы­ғыс Қазақстан облыстарына іс­сапар­мен барып келді.

Еуразия ұлттық универ­ситеті ректорының кеңесшісі Абзал Талте­новтің айтуынша, ғалымдар шалғай аудандар мен ауыл тұрғындарына қазақ қа­лам­герлерінің үздік шығар­ма­­ларын ғана емес, танымдық-ағар­тушылық бағыттағы әде­биеттер мен университет ғалымдарының кітаптарын тарту еткен.

«Бұл акцияны университет рек­торынан бастап, бар­лық профессор-оқытушы қол­дады. Біз осы акция аясында алыстағы Қаратерек, Жар­ма, Бірлік, Салқынтөбе, Алтай ауылдарының кітапханаларына кейінгі шық­қан 400 жаңа туындыны сыйлап, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығу­шы­лы­ғын арттыруды мақсат еттік. Енді бұл бастамаға басқа да жоға­ры оқу орнындағы әріптес­тері­міз белсенді атсалысады деп сенеміз», деді ол.

Ел болашағын жарқын етуде жастардың үлесі зор. Сондықтан тағылымды бастама ауыл жаста­рының қоғамдық ой-санасын жетіл­діріп, рухани өсуіне де өз септігін тигізері анық.

Бөлісу:
Тағылымды бастаманы қолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар