Саясат
1 мин оқу 110

Ішкі су тасымалы өзекті

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында жұ&shy;мыс сапарымен жүрген Мәжіліс депу&shy;&shy;таты, Қазақ&shy;стан халық пар&shy;тиясы фрак&shy;&shy;циясының жетекшісі Магеррам Магеррамов елдегі жалғыз &laquo;Эллинг ПВ&raquo; ЖШС кеме жөн&shy;деу зауытында болып, &laquo;Қазфлот&raquo; жеке кәсіп&shy;кер&shy;лігі басшы&shy;лығымен кездесті.</p>

Ішкі су тасымалы өзекті

Кәсіпкерлер депутатқа ішкі су тасымалы саласындағы өзекті мәселелер туралы айтып берді. «Қазфлот» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Виктор Поднебесов­тің айтуынша, кәсіпорны­ның қарамағында 9 кеме бар. Олардың жартысы жөнделді, ал қалғаны күрделі жөндеуді қажет етеді. Бірқатар логистикалық мәселе де шешімін тауып келеді.

– Өткен жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздің үш су бассейні – Атырау, Арал және Ертіс өзендерінің көлігі мен инфрақұрылымын қалпына келтіруге 64 млрд теңге бөлі­не­тінін мәлімденген болатын. Оның 27 миллиард теңгесін Көлік министрлігі биыл су көлігі мен инфрақұрылымды дамыту және күтіп ұстау бағытында игеруге тиіс, – деді М.Магеррамов.

Мәжіліс депутаты ішкі су тасымалының дамуы мен қауіпсіздігінің екі құрамдас бө­лігін – жағалаудағы көлік инфрақұрылымы мен сапалы жөндеу базасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Мұның барлығы Мемлекет басшысы­ның 2023 жылғы Жолдауында айтыл­ған тапсырмаларды табысты іске асыруға ықпал етеді.

«Эллинг ПВ» серіктестігі – Қазақстандағы жалғыз кеме жөн­деу кәсіпорны. Оны Қазақстан халық партиясы фрак­циясы­ның депутаттары Үкіметке тиісті депутаттық сауал жолдау арқылы сақтап қалды деуге болады.

Бөлісу:
Ішкі су тасымалы өзекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар