Құрылыс
1 мин оқу 100

Мектеп құрылысы пысықталды

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс депутаты, &laquo;Amanat&raquo; партиясы фрак&shy;циясының мүшесі Мұқаш Ескендіров Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараз қаласындағы бірқатар нысанды аралап жүр. Кеше депутат №15 мектепке жапсарлас салынып жатқан ғима&shy;раттың құрылыс барысымен танысты.</p>

Мектеп құрылысы пысықталды

Мәжіліс депутаты халықпен кездесу барысында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын талдауға ерекше көңіл бөліп келеді.

– Жалпы, 781 бала білім алатын ғимарат біраз уақыттан бері оқушыларға тарлық етті. Партия депутаттары осыны ескере келе, былтыр құзырлы органдарға мектепке жапсарлас ғимарат салу туралы ұсыныс айттық. Мә­селені шешу мақсатында биыл облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлініп, 300 орынға арнал­ған ғимарат салына бастады, – деді депутат.

Жоспарға сәйкес құрылыс жұ­мы­сы келер жылдың ақпан айында аяқталуға тиіс. Бұл жаңалық жер­гілікті тұр­ғын­дарды қуантты. Себебі кей ата-аналар балаларын шалғай ор­налас­қан мектепке апаруға мәжбүр.

Партияның сайлауалды бағ­дарламасы аясында өңірде былтыр 2 550 оқушыға арналған 5 жаңа мектеп салынып, 3-уі күрделі жөндеуден өтті. Меркі ауданы Меркі ауылында 300 орындық балалар музыка мек­те­бі пайдалануға берілді. Биыл ­ 5 мыңнан астам орынға ар­нал­ған 9 мектеп салу көзделіп отыр.

Бөлісу:
Мектеп құрылысы пысықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар