Қоғам
1 мин оқу 164

Ақылды «Феликске» алғыс

<p style="text-align: justify;">Астана қалалық полиция бөлімшесіне сегіз жастағы баланың тұрғын үйдің ауласынан жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау түскен бетте полиция жедел әрекет етіп, дереу іздеу шараларына кіріседі.</p>

Ақылды «Феликске» алғыс

Кинологиялық қызмет орта­лы­ғы­ның қызметкері Азамат Оразқанов пен оның «Феликс» атты қызметтік иті дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жоғалған баланы санаулы уақыт ішінде жақындарымен қауыштырды. «Феликс» – неміс овчаркасы.­ Құқық қорғау саласындағы алғыр­лығымен танылған ақылды жануар. Елорданың кинологиялық қызметіндегі жолы күшік кезінен басталған. Осы екі жыл ішінде оның көмегімен жоғалған 20-ға жуық азамат өз отбасына аман-есен оралған. Соңғы оқиғада да төрт аяқты көмекшінің күш-жігерінің арқасында жоғалған бала аман-есен табылғаны қуантты.

Бөлісу:
Ақылды «Феликске» алғыс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар