Тікелей эфир: ШЫҰ саммитін қайдан көруге болады?
<p style="text-align: justify;">Бүгін негізгі отырысы басталған ШЫҰ саммитін <a href="https://silkwaytv.kz/ru/live">Silk Way </a>телеарнасы Астанадағы Тәуелсіздік сарайынан тікелей эфирде көрсетіп жатыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Silk Way телеарнасының жылжымалы студиясы 4 шілде күні бойы жұмыс істейді.
Тікелей эфирден ел басшыларының қол алысу рәсімі, саммитті талқылау, ШЫҰ саммитіне қатысушылардың жедел түсініктемелері мен сұхбаттары көрсетіледі.
Арна маңызды саммиттен тікелей трансляцияны сағат 10:00-ден бастады.
Айта кетейік, «Бейбітшілік және келісім сарайында» БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы да жұмыс істеп тұр.
Саммиттен 700-ге жуық шетелдік және 200 жергілікті БАҚ өкілдері ақпарат таратып жатыр.