Қазақстан
1 мин оқу 270

ШЫҰ-ның 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы аталды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысында мәлім болды,&nbsp; деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

ШЫҰ-ның 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы белгілі болды

Қытайдың Циндао қаласы ШЫҰ-ның 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы болып жарияланды.

1891 жылы негізі қаланған Циндао - Қытай Халық Республикасының 15 негізгі қаласының бірі. Қала Қытайдың кинематографиялық орталықтарының бірі. 2008 жылы мұнда XXIX Олимпиада ойындарының кейбір жарыстары өтті.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр.

Қазақстан ШЫҰ-ға 2023 жылдың шілдесінен бастап төрағалық етеді. Астана саммитінен кейін ұйымға Қытай төрағалық ететіні белгілі болды.

Бөлісу:
ШЫҰ-ның 2024-2025 жылдарға арналған мәдени астанасы белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар