Оқиға
1 мин оқу 123

Қазақстанға есірткі жеткізуді ұйымдастырған шетел азаматы ұсталды

<p style="text-align: justify;">ҰҚК-ның Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға есірткі тасымалдайтын арнаның жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстанға есірткі жеткізуді ұйымдастырған шетел азаматы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 21 маусымда Маңғыстау облысында 10 келі гашиш өткізу кезінде Қазақстанның екі азаматы  ұсталды. Тінту кезінде олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат тәркіленді.

1

«Түзеу мекемесінде отырған шетел азаматы есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Оның жойылған есірткі арнасына қатыстылық фактісі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.  

2

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің  297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

3

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу: