Білім
1 мин оқу 280

Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады

<p style="text-align: justify;">Бүгінге дейін 275 177&nbsp;өтінім келіп түсті. Өтінімдер 2024 жылдың 31 тамызына дейін қабылданады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады

Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың бірінші сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар.

«Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады», делінген министрлік хабарламасында.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Бөлісу:
Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар