Елорда
1 мин оқу 200
Астана күнінде дрондар шоуы өтеді
<p style="text-align: justify;">6 шілде күні сағат 18:00-де Астанадағы EXPO аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерттен кейін елорда тұрғындары мен қонақтары дрондар шоуын тамашалай алады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30).
Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1 250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон.
Шоу Қазақстан және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестіріледі деп күтіледі.
Айта кетейік, дрондар шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.
Бөлісу: