Көрме
1 мин оқу 170

Алматыдағы көрмеге Құранның көне нұсқалары қойылды

<p style="text-align: justify;">Алматыда Мемлекеттік Орталық музейде ашылған &laquo;Ислам руханияты&raquo; атты көрме туралы &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінің журналисі Арман Октябрьдің &laquo;Құранның көне нұсқалары&raquo; мақаласы жарияланды.</p>

Алматыдағы көрмеге Құранның көне нұсқалары қойылды

Мақала авторының жазуынша көрермен назарына алғаш рет ұсынылып отырған біре­гей құнды жәдігер – бұрама қағаз түрінде жасалған пай­ғамбарлар шежіресі. Ұзын­дығы – 4 м, 45 см құрайтын шежіренің ені – 25 см.

Сондай-ақ көрмеге орама қағаз түрінде жасалған ерекше қолжазба Құран нұсқасы (ұзындығы – 9 м, 50 см., ені – 2,5 см.) қойылып, 114 сүре мәтіні өте ұсақ әріптермен бөлек-бөлек теріліп берілген екен.

«Хронологиялық тұрғыдан қарастырар болсақ, қордағы Құранның ең көнесі 1054 һижри/1643 миләди жылдары жарық көрген. Олардың дені Шығыстың көне қа­лалары Ыс­танбұл, Мумбай, Мы­сыр баспаханаларында, Ре­­сейдің Петербор, Қазан сияқ­ты ірі ор­талықтары мен Омбы, Орын­бор, Ташкент, Самарқан шаһар­ларының көне баспаларында басылып шыққан», деп жазады автор.

Мақалада көрмеге келген көпшілік­тің қызығушылығын тудырған бірнеше кітаптар да айтылады.

Автор мақаласын: «Қазіргі уақытта түрлі ағым­­ның жетегінде кеткен жас буынды ислам мәде­ние­­тімен сусындатуда осындай шара­лардың маңызды рөл атқа­ратынын атап өткен Мемле­кеттік Орталық музей директоры Рашида Харипова, ис­лам бүкіл адамзаттың ру­хани кемелденуіне және мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор үлес қосқанын, музей қорындағы құнды жәді­герлерге шетелдік ғалымдар мен дінтанушылар айрықша қы­зығушылық танытып отыр­ғанын жеткізді», деп аяқтаған.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Бөлісу: