Қоғам
1 мин оқу 170

«Гагарин» кубогін Ұлытауға әкелді

<p style="text-align: justify;">Ресейдің шайбалы хок&shy;кейден чемпиона&shy;тына қа&shy;&shy;тысатын Маг&shy;ни&shy;то&shy;гор&shy;скінің &laquo;Металлург&raquo; клу&shy;бы биылғы сәуірде &laquo;Га&shy;&shy;гарин&raquo; кубогінің иеге&shy;рі атанған еді. Қалып&shy;тасқан дәстүр бойынша команда ойыншылары кубокті өздерінің туған жерлеріне апарып таныстырады. &laquo;Метал&shy;лругтің&raquo; екі ойыншысы &laquo;Га&shy;гарин&raquo; кубогін көтеріп Ұлытау облысына келді. Өйткені...</p>

«Гагарин» кубогін Ұлытауға әкелді

Команданың екі ойын­­­шысы Сәтбаев қа­ласы хоккей мек­те­бінің түлектері. Олар – Ва­л­е­рий Орехов пен Никита Ми­хай­лис. Кезінде «Қазақмыс» корпорациясының командасында шыңдалған олар кейін еліміздің ұлттық құрамасында әлем чемпионатына қатысқан еді. Шетте жүрсе де туған елдің абыройын асқақтатып жүрген қос ойыншыны ұлытаулықтар жылы қарсы алды. Облыс бас­шылығында арнайы қабылдау өткізілді.

Валерий мен Никита Жез­қазған қаласындағы М.Құлы­шева атындағы балаларды қолдау орталығында болды, қа­ла­ның Орталық стадионында спортсүйер қауыммен жүздесті.

«Қос ойыншының қол жеткен жетістіктері үшін қуа­ныштымыз. Олардың спорт жолындағы табыстары кейінгі жас­өспірімдерге тамаша үлгі болды», дейді «Ұлытау облы­сының жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ басшысы Саят Балмағанбетов.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
«Гагарин» кубогін Ұлытауға әкелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар