Қоғам
2 мин оқу 152

Қоғамдық қабылдау өтті

<p style="text-align: justify;">Депутаттардың аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев &laquo;Аmаnаt&raquo; партиясы Жетісу облысы бойынша филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.</p>

Қоғамдық қабылдау өтті

Қабылдау барысында облыс тұрғындары депутатқа әлеу­меттік қамсыздандыру, білім беру, коммуналдық шаруашы­лық, жол құрылысы, басқа да мәселелерді көтерді.

Талдықорған қаласының кәсіп­кері Ерлік Бейбітұлы екі жыл­дан астам ағаш өңдеу кәсі­бі­мен айналысып келеді. Енді оны кеңейтіп, жаңа құрал-жаб­дықтар алуды жоспарлап отыр. Кәсіпкерлерді қолдаудың мем­лекеттік бағдарламасы бойын­ша 5 миллион теңге өтеусіз грант алу үшін бизнес-жоспар дайындаған. Бірақ комиссия құ­рамында тиісті мамандар болма­ғандықтан оны қорғай алмаған.

– Гранттарды бөлу ережелері уақыт талабына сай болуға тиіс. Бұл мәселені Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп зерделеу қажет. Сонда мүмкіндігінше шағын бизнес тегін гранттарды пайдалана алады, – деді Руслан Қожасбаев.

Бұл ретте депутат бизнесті қолдау бойынша басқа да бірқа­тар мемлекеттік бағдарлама бар еке­нін еске салды. Мәселен, «Да­му» қоры арқылы, «Бизнестің жол картасы», «Ұлттық кәсіп­кер­лікті дамыту жобасы».

Әлеуметтік қорғау мәселесі де көтерілді. Талдықорған қала­сын­дағы «Асар» дене шынықты­ру-сауықтыру орталығының бас­шысы Елдос Баялышбаев көппәтерлі тұрғын үйлерді ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімдеудің, атап айт­қанда, кіреберіс есік, балкон, асүйге арналған арнайы құрыл­ғылармен жабдықтаудың маңыз­дылығына назар аударды.

Бұл ретте Руслан Қожас­баев қолжетімді ортаны құру бо­йынша «Кедергісіз келешек» партиялық жобасына тоқталды. Қазіргі таңда әкімдік Жетісу өңірінде 2021-2023 жылдар ара­лығында бейімдеу жоспар­ланған 410 әлеуметтік нысанның 382-сінде бейімдеу шараларын жүргізді.

– Қолжетімділік стандарттары әзірленбей тұрып салынған үйлер барын, лифт немесе пандус орнату мүмкін емес жерлер де бар екенін ұмытпаған жөн. Міндетіміз – әрбір құрылыс компаниясы барлық техникалық стандартқа сай болуы үшін әзірлеушілерді қадағалау. Бар­лық нақты фактіні жергілікті атқарушы органдарға жолдаймын, анықталған бұзушылықтар жақын арада жойылуға тиіс, – деді депутат.

Жетісу өңіріндегі партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне барлығы 2024 жылдың басынан бері 1 500-ге жуық арыз-шағым тіркеліп, олардың басым бөлігі оң шешімін тапқан.

Бөлісу:
Қоғамдық қабылдау өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар