Спорт
1 мин оқу 292
Чемпион Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге үндеуін жолдады
<p>WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы (15-0, 10 КО), қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу тастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Боксшы жерлесіміз әлеуметтік желі арқылы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жегі алдында жақын арада өзінің ашық жаттығуы өтетінін еске салды.
«Ертең менде медиа-күн және барлығыңызды күтемін!» деп жазды Ж.Әлімханұлы.
Еске сала кетсек, ашық жаттығу 6 шілдеде Калифорнияда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін өтеді. Жаңазеландиялықпен арадағы жекпе-жек 13 шілде күні Лас-Вегаста өтеді.
Бөлісу: