Қоғам
1 мин оқу 170

Балаларына алимент төлемеген әкелер қамалып жатыр

<p>Атырау облысында балалары үшін алимент төлемей жүрген екі борышкердің ісі сотта қаралды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.</p>

Балаларына алимент төлемеген әкелер қамалып жатыр

Сот қаулысымен борышкерлер қамауға алынды.

Бұл туралы Kazinform жазды. Қызылқоға аудандық сотының ақпаратына сүйенсек, борышкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінің талабын бұзған.

«Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тиісті мөлшерінен алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны анықталды. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, жұмысқа орналасуға және балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге уәде берді. Сот қаулыларымен құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Құқық бұзған борышкердің әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды», -деп хабарлады аудандық соттан.

Бөлісу:
Балаларына алимент төлемеген әкелер қамалып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар