Жаңалықтар
1 мин оқу 194

Елбасының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

Akorda 01АСТАНА. 11 маусым. Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы белгілі болды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қазақстан Президентінің төрағалығымен 12 маусымда Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді деп жоспарлануда. Онда экологиялық қауіпсіздіктің жайы, қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелер талқыланады. Сондай-ақ, 15 маусымда Назарбаев университетінің алғашқы түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтеді. Оған Мемлекет басшысының қатысуы жоспарланған. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.
Бөлісу:
Елбасының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар