Оқиға
1 мин оқу 241
Оралда екі бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім болғандай, екі оқиға да 7 шілдеде болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Сағат 22.50-де 5-ші қабаттағы терезеден 5 жасар бала құлап, жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлім етті ведомство.
Сол күні сағат 13.11-де 4 жасар ұл баланың үшінші қабаттан құлап кеткені тіркелген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген бала травматология бөлімшесіне жатқызылған. Жағдайы орташа ауыр. Қажетті ем алып жатыр.
Бөлісу: