Қоғам
1 мин оқу 160

Қарағанды ​​облысында 19 мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

<p style="text-align: justify;">Нұра аудандық прокуратурасы аудандағы білім беру мекемелерінде тексеру жұмыстарын аяқтап, көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қарағанды ​​облысында 19 мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі және денсаулық сақтау салаларында заң бұзушылықтар анықталды», деп хабарлады Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мәселен, аудандағы кейбір мектептерде мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек табылды, белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін дезинфекциялық ерітінділер мен мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды.

Аудан прокуратурасының тексеру актісі негізінде барлық анықталған заң бұзушылықтар жойылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.

«Тексеру қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады прокуратура.

Бөлісу:
Қарағанды ​​облысында 19 мектеп директоры жауапкершілікке тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар