Президент
1 мин оқу 170

Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевты қабылдады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Түрікменстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Президент екіжақты ықпалдастықты, оның ішінде энергетика, көлік-транзит, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Нұрлан Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді. Мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударуды тапсырды.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевты қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар