Қоғам
1 мин оқу 250

Су шаруашылығының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін &minus; елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов сала қызметкерлері мен ардагерлерін, оның ішінде министрліктің, &laquo;Қазсушар&raquo; мамандарын, Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы өкілдерін және т.б. қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Су шаруашылығының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды

Еліміз бойынша «Қазсушар» кәсіпорынының барлық филиалдарында мерекелік іс-шаралар өтті. Мереке күні жалпы саны 281 маман марапатталды: су шаруашылығының 33 қызметкері министрдің алғыс хатын алды, 158  маман Құрмет грамотасын алса, 80 маманға «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі табысталды.

1

Бұдан бөлек, еліміздің су шаруашылығының 53 ардагерінің еңбегі ерекше аталып өтті. Оларға «Су шаруашылының ардагері» төсбелгісі табысталды.

2

«Біз үшін кез келген ауа райына қарамастан еліміздің су шаруашылығы нысандарында күш-жігерін аямай еңбек ететіндерге алғыс білдіру үлкен мәртебе. Сіздердің күн сайынғы қажырлы еңбектеріңіз республика мен оның экономикасының дамуына елеулі үлес қосады. Қазақстандықтарды ең маңызды ресурс – сумен қамтамасыз ету жөніндегі сіздердің күш-жігерлеріңіз құрметке және ең жоғары бағаға лайық», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

3

Бөлісу:
Су шаруашылығының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар