Атырау облысында жасөспірім суға батып кеткен
<p style="text-align: justify;">Атырау облысының Индер ауданында үш тәулікке созылған іздестіру жұмыстарынан кейін 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 5 шілде күні Көктоғай ауылында болған. 2011 жылы туған бала достарымен бірге рұқсат етілмеген жерде жүзіп, суға батып кеткен.
«Баланың мәйіті іздестіру жұмыстарының үшініші тәулігінде табылды. Оны іздеуге ТЖД-ның 10 құтқарушысы, екі бірлік арнайы техникасы және екі жүзу құралы тартылған. Айта кету керек, қазір Индер ауданындағы Жайық өзенінің тереңдігі - 16 м, ал ені - 200 м. Ағысы да өте күшті болғандықтан, аталған жерде шомылу маусымы әлі ашылмаған. Ата-аналарды қырағы болуға шақырамыз», делінген хабарламада.