Қоғам
1 мин оқу 160

Қарағандыда астыртын ойынхана ұйымдастырғандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қарағандыда астыртын ойынхана ұйымдастырғандар ұсталды

Анықталғандай, күдікті «Покер» құмар ойынын өткізу мақсатында жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алып, арнайы үстелдерді орнатқан. Астыртын ойынханадан түрлі фишкалар мен ойын карталары табылған. 

«Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан. Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды», делінген ҚМА хабарламасында. 

Бөлісу: