Аймақтар
1 мин оқу 173

Алматының бірнеше ауданында суық су уақытша өшіріледі

<p style="text-align: justify;">2024 жылдың 16 шілдесінде қаланың су құбыры желілерінде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Алматы Су&raquo; МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Алматының бірнеше ауданында суық су уақытша өшіріледі

16 шілде күні сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін қондырғылар ауыстырылады деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты қаланың бірнеше ауданында суық су уақытша өшіріледі.

Сумен қамтамасыз ету шектелген аумақтар:

  • Медеу ауданы: Достық даңғылы –  Қажымұқан көшесі – Назарбаев даңғылы –  Сәтпаев көшесі, Самал-1,2,3 шағын ауданы.
  • Бостандық ауданы: әл-Фараби даңғылы –  Батыс Желтоқсан көш. –  Ганди көш. – Назарбаев даңғылы.

Айта кетейік, жүргізілетін жөндеу жұмыстарынан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін.

«Профилактикалық жұмыстар кезінде кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналарды және басқа да құрылғыларды пайдаланудан бас тарту ұсынылады», деп қосты «Алматы Су» МКК баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматының бірнеше ауданында суық су уақытша өшіріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар