Аймақтар
1 мин оқу 242
Атыраудағы балабақшада 4 жасар бала септикке құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 11 шамасында Атырау маңындағы «Құрсай» шағын ауданында орналасқан «Чебурашка» балабақшасында 4 жасар бүлдіршін септикке құлап, көз жұмды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Atyrau online телеграм арнасының мәліметінше, бүлдіршін серуен кезінде септикке құлап кеткен.
Қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Бөлісу: