Күрес
1 мин оқу 160
Гран-при турнирі: Балуан қыздар 4 медаль иеленді
<p style="text-align: justify;">Испанияның бас шаһары Мадридте күрес түрлерінен Гран-при турнирі аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Аталған турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіп алған 4 медальдің үшеуі - күміс, біреуі - қола.
Финалға шығып, күмісті қанағат тұтқан балуандар: Ирина Казюлина (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі).
Ал қола жүлдегер атанған балуан Лаура Алмағанбетова (57 келі).
Бөлісу: