Бокс
1 мин оқу 120

Кешігіп жеткен жолдама

<p style="text-align: justify;">Бокстан әйелдер құрамасы Париж жазғы Олимпия ойындарына әзірлікті Алматы маңында өткізіп жатыр. Елдос Сайдалин баптайтын боксшылар Жаңашар аулындағы базада екі апталық жаттығу жиынын өткізді.</p>

Кешігіп жеткен жолдама

Бас бапкер шәкірттерін дема­лысқа аттандырып, 9 шілдеде қай­та­дан жат­тығу жиыны басталаты­нын жеткізді. «Қыздар бабына еніп ке­леді, 21 шілдеге дейін соңғы жат­ты­ғу­ды өткізіп, Парижге аттанамыз. Ли­­­цен­зия иеленген Назым Қызай­бай (50 кг), Карина Ибрагимова

(57 кг), Ва­­лентина Хальзова (75 кг) зор жа­­­­уапкершілік жүктелгенін се­­зі­ніп отыр. Оларға спарринг өткізіп, шыңдай түсу үшін тағы үш боксшы барады. Бізге жүктелген міндет – бокс­шыларды зар күйінде додаға қосу», деді Е.Сайдалин.

Үш боксшы да жазғы Олимпия ойын­дарына алғаш рет ат байлап, додаға қосылады. Екі дүркін әлем чем­пионы Назым Қызайбай – 14 жыл­дан бері ұлт­тық құраманың мүшесі. 31 жас­тағы боксшыға Олим­пиаданың лицензиясы енді бұйырып отыр.

Бөлісу:
Кешігіп жеткен жолдама · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар