Қоғам
1 мин оқу 290

Желіде қазақшасы судай орыс жігіті жұртты сүйсінтті (видео)

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде орыс жігітінің таза қазақша сөйлеп тұрған видеосы пайда болды. Онда ол орыс тілінде сөйлей алмайтынын, тек қазақ тілінде сөйлейтінін және қазақ тілді мектепті бітіргенін айтып өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Желіде қазақшасы судай орыс жігіті жұртты сүйсінтті (видео)

Ең қызығы, Андрей орысша сөйлегенде оның тілінде қазақша акцент байқалады, ал қазақшасы судай. Өзін видеоға түсіріп тұрған жолаушының сұрақтарына мүдірмей жауап берген жігіт Шымкентте барлығы қазақша сөйлейтінін айтады. 

«Менің атым Андрей. Мен Шымкенттенмін. Не айтарымды да білмеймін, маған орысша сөйлеу қиын», деді жігіт күліп.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұған таңғалып, Андрейді мақтай жөнелді.

Бөлісу:
Желіде қазақшасы судай орыс жігіті жұртты сүйсінтті (видео) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар